Шымкентте Республика күніне орай бір реттік төлем беріле ме
Жарияланған күні:

Шымкентте 25 қазан – Республика күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем қарастырылмаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі айтты.
Басқарма өкілінің сөзінше, айтулы күндерге арналған әлеуметтік төлемдер қала мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады.
"Қалада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне "алтын" және "күміс" алқа иелеріне, "Батыр ана" ордені иелеріне 5 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем жасалды.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға да бір реттік әлеуметтік төлем төленді", - деп жауап берді басқарма өкілі.
Қалған бір реттік төлемдер ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген ардагерлерге, тыл ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері, тәжік-ауған, Таулы Қарабах, Чернобыль, Семей сынақ полигонының зардабын жоюға қатысқан және өзге де ардагерлерге белгіленген күндерге орай төленген.
Еске салайық, Республика күнінде әлеуметтік осал топ санатына жататын Астана тұрғындарына 16 614 мың теңге төленетінін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2176812-shymkentte-respublika-kunine-orai-bir-rettik-tolem-berile-me/