jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда бірыңғай әлеуметтік қор құрылмайтын болды

    Әмиян және ақша
    Әмиян және ақша. Көрнекі сурет: athima tongloom/Getty Images

    Сенат отырысында депутат Айнұр Арғынбекова президенттің бір әлеуметтік төлем мен бірыңғай әлеуметтік қор құру туралы тапсырмасы қай кезеңде екенін сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Депутаттың бұл сауалына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді.

    "Мемлекет басшысының тапсырмасы 2019 жылы берілді, премьер-министрдің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органның, Ұлттық банктің, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, ҰКП-ның өкілдері кірді.

    Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бірыңғай әлеуметтік қор құру орынсыз деп шешілді және тиісінше шешім қабылданды. Өйткені Ұлттық банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы аударымдардың экономикалық әр тараптығын ескере отырып, бұл қорларды бүгін біріктірудің қажеті жоқ деген ұсыныстар айтты.

    Бұл орынсыз болар еді, сондықтан бұл шешім ескеріліп, бұйрықты орындаудан алынды", - деп жауап берді Светлана Жақыпова.

    Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқару сапасын жақсарту мақсатында Үкіметке бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлемді енгізу арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру мәселесін зерделеуді тапсырған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.