БЖЗҚ-да және әлемнің басқа да зейнетақы қорларында қанша ақша жиналды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Зейнетақы қорлары салымшылардан ақша жинайды, жиналған қаражат белгілі бір жасқа жеткенде төленеді. Әлемдік қорлардың ішінде Қазақстанның қоры аз болып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық процесіне жауапты құрылым. Ал бұл қордағы қаражатты Ұлттық банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар инвестициялайды, оларға сіз өз жинақтарыңыздың 50%-на дейін аудара аласыз.
Осылайша, 2024 жылы БЖЗҚ активтері Қазақстандағы инфляция деңгейінен айтарлықтай асатын өсім көрсетті.
Бірақ қазақстандық қордың жетістіктеріне қарамастан, ол әлемдегі басқа ұқсас құрылымдардан әлі де артта қалып келеді.
Зейнетке шыққандардың арасында кім ең көп ақша жинады?
Visiual Capitalist платформасының болжамы бойынша, 2025 жылы әлемдегі зейнетақы қорларының жалпы көлемі 25 триллион АҚШ долларына жетеді. Ал бұл көрсеткіш бойынша жетекші орындарды қуатты қаржы жүйесі бар дамыған елдер алады:
- АҚШ – зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 11,8 триллион АҚШ доллары;
- Жапония – 2,1 триллион АҚШ доллары;
- Канада - 1,8 триллион АҚШ доллары;
- Голландия мен Австралия – әрқайсысында 1,1 триллион АҚШ доллары жинақталған;
- Оңтүстік Корея -948 млрд АҚШ доллары.

Finance.kz Telegram-арнасында атап өтілгендей, Қытай мен Үндістан сияқты жас және дамушы экономикаларда зейнетақы жинақтары өсіп келеді, бірақ әлі де дамыған елдердің көлемінен айтарлықтай төмен.
"Инфографикада Норвегияның қорында бар болғаны 117 миллиард доллар бар екенін көбі байқаған болар, бұл рас. Олардың қоры үлкен болғанына қарамастан, олар Ұлттық қорды (мұнай қоры) және зейнетақы қорын біріктіріп тастаған. 117 миллиард доллар – бұл қордың зейнетақыға қатысты бөлшегі.
Қазақстан бұл инфографикаға енген жоқ. Біздің қордың шетел валютасындағы көлемі 41 миллиард доллардан асады", - дейді сарапшылар.
БЖЗҚ ресми сайтының мәліметі бойынша, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қордағы жинақталған қаражат көлемі 21,885 трлн теңгені құрады. Бұл ретте қордың активтері әр түрлі қаржы құралдарына, соның ішінде шетелдік бағалы қағаздарға инвестицияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2213904-bzhzq-da-zhane-alemning-basqa-da-zeinetaqy-qorlarynda-qansha-aqsha-zhinaldy/