jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру бойынша құжат қабылдау басталады

    Кассир ақша есептеп отыр
    Кассир 10 мыңдықтарды есептеп отыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Биыл 1 шілдеден бастап Астанадағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру бойынша құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    1 шілдеден бастап 23 тамызға (қоса алғанда) дейін Астананың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елорданың жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу ақысын төлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша құжаттар қабылдайды.

    Жыл сайын Астананың орта мектептерін бітірген түлектер:

    • жетім балалар;
    • балалар үйінің түлектері;
    • бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
    • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    • асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар.
    • көпбалалы отбасының балалары (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін биыл үлкен баласының кәмелетке толған болса) Астананың жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу мақсатында көмекке жүгіне алады.

    Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 37 мамандық бойынша жүзеге асырылады:

    • Жалпы медицина
    • Әлеуметтік жұмыс
    • Сәулет (BIM-менеджер жобалаушы)
    • Электроэнергетика
    • Дене шынықтыру және спорт
    • Психология
    • Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету (Бағдарламашы)
    • Дизайн
    • Ақпараттық жүйелер
    • (Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақ беру құқығымен компьютерлік жүйелерді әзірлеуші ​​және талдаушы), ақпараттық технологиялар
    • Азық-түлік тауарларының технологиясы
    • Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету инженері
    • Информатика
    • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (логистика маманы)
    • Биотехнология
    • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
    • Мектепке дейінгі оқыту
    • Педагогикалық (математика мұғалімі)
    • Педагогикалық (химия және биология мұғалімі)
    • Қазақ тілі және әдебиеті
    • Геодезия и картография (web-картография)
    • БӨАжА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика)
    • Инженер электроншы
    • Құрылыс
    • Жылу энергетикасы
    • Ақпараттық қауіпсіздік
    • Ландшафттық дизайн және көгалдандыру
    • Электрондық коммерция
    • Экономика және деректер ғылымындағы бизнесті басқару
    • Үлкен деректерді талдау
    • БАҚ - технология БАҚ - өнер
    • Сандық медианы басқару
    • Жасанды интеллект технологиялары
    • Құрылыстағы цифрлық дизайн
    • Экология және қоршаған ортаны басқару
    • Гидрология
    • Аймақтану

    Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:

    1. жеке басты куәландыратын құжат;
    2. жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
    3. ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
    4. көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);
    5. туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
    6. Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;
    7. Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.
    8. екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.

    Маңызды: Көмек отбасы табысы әр мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда көрсетілетін ақшалай төлем түрінде беріледі.

    Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін сіз Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша немесе электронды өтінішті веб-портал арқылы "Электрондық өтініштер" бөлімінде қалдыруыңызға болады.

    Өтініш берушілердің назарына:

    Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

    Анықтама нөмірлер:

    • Алматы ауданы бойынша: 55-01-74, 8 702 837 50 05
    • Байқоңыр ауданы бойынша: 55-72-32, 8 775 962 91 57
    • Есіл ауданы бойынша: 55-74-50, 8 771 804 16 25
    • Нұра ауданы бойынша: 55-68-40, 8 702 966 52 29
    • Сарайшық бойынша: 55-68-22, 8 701 255 20 56
    • Сарыарқа ауданы бойынша: 55-14-87, 8 702-546-86-95

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.