2026 жылы Қазақстанда екі әлеуметтік төлемнің мөлшері артады
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақыны 10 пайызға арттыру туралы қаулы шықты. NUR.KZ тілшілері оның мән-жайын білді.
Ресми түрде жұмыспен қамтылған қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы. Олардың ішінде 2026 жылы екі әлеуметтік төлем –асыраушысынан және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемнің көлемі ұлғайады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулысына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап асыраушысынан айырылу және еңбек қабілеттілігінен айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 10 пайызға артады.
Әлеуметтік төлемдердің нақты сомасы жоқ. Олар әр азамат үшін жеке есептеледі және айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін. Сондықтан, 10 пайыздық өсім 2026 жылға дейін берілген әлеуметтік төлемге қатысты қолданылады.
Осылайша 2026 жылы әлеуметтік төлемдер де, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақыларды анықтау үшін қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш сияқты артады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2323312-2026-zhyly-qazaqstanda-eki-aleumettik-tolemning-molsheri-artady/