jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қаңтар айының зейнетақысы жаңа жылға дейін аударылатыны рас па: министрлік жауап берді

    ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда мерзімінен бұрын төленетіні туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтардың зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

    "Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады.

    Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді.

    Азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Министрлік мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылатынын еске салды.

    Сондай-ақ азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуге, жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

    Қаңтар айының зейнетақысы жаңа жылға дейін аударылатыны рас па: министрлік жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.