jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлттық қор – балаларға: бағдарлама бойынша төлем қазақстандықтардың шотына қашан аударылады

    Далада серуендеп жүрген бүлдіршіндер. Көрнекі сурет
    Далада серуендеп жүрген бүлдіршіндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған төлемдер жас қазақстандықтардың шотына қашан түсе бастайтыны белігілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    БЖЗҚ мәліметінше, қаражат 2026 жылдың 1 ақпанына дейін аударылады. Алайда төлем сомасы айтылмаған.

    "2025 жылғы нысаналы талаптар, сондай-ақ, инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей есептеледі.

    Бұл ретте 2008 жылы туған, 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу де 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады", - делінген ақпараттық хабарламада.

    БЖЗҚ өкілдері "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматтары қатыса алатынын еске салып өтті.

    БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-нан кешіктірмей "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімімін жасайды.

    Қор Ұлттық банктен алынған ақпарат пен электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылардың санына қатысты мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне нысаналы талаптардың бір қатысушысы бойынша есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы, есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптардың сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептеп, енгізеді.

    БЖЗҚ нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды АҚШ долларымен жүргізеді.

    Ұлттық қор – балаларға: бағдарлама бойынша төлем қазақстандықтардың шотына қашан аударылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.