Қазақстанда зейнетақы төлемі есебінен емделуге өтінім қабылдау тоқтатылады
Жарияланған күні:
Елімізде 12 қаңтардадан бастап біржолғы зейнетақы төлемдерінің есебінен емделуге өтінім қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды "Отбасы банкке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2026 жылғы 12 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЗТ есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады.
"Отбасы банкі" Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗТ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды", - делінген хабарламада.
Өтінімдерді қабылдау қайта басталғаны туралы талаптарды түзету аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемдерінің есебінен тіс, көз емдетуге, сондай-ақ пластикалық ота жасату үшін өтінім қабылдау тоқтатылған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2330760-qazaqstanda-zeinetaqy-zhinagy-esebinen-emdeluge-otinimder-qabyldau-toqtatylady/