jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада 8 наурызға орай әйелдерге берілетін ақшалай төлемдер кімге бұйырады

    8 наурыз
    Гүл мен ақша ұстап тұрған әйел. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Халықаралық әйелдер күніне орай кей санатқа жататын әйелдер бір реттік төлем алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша, 8 наурызда шамамен 37 000 азамат 2,5 АЕК (немесе 10 813 теңге) көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек алады.

    "Бұл төлем Астана мәслихатының және Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шешімі бойынша бекітілген әрі Астанада әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

    Төлем Әлеуметтік төлемдер орталығының ақпараты негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған аналарды қоса алғанда, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарға төленеді.

    Астанада 8 наурызға орай әйелдерге берілетін ақшалай төлемдер кімге бұйырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.