jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сенат депутаты қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығаруды ұсынды

    ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Сенат отырысында депутат Амангелді Нұғманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жасына емес, еңбек өтіліне қарай өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жасына негізделген зейнетақы моделінен еңбек өтіліне негізделген зейнетақы моделіне біртіндеп көшу мәселесін қарастырған жөн сияқты. Елде әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері және арнайы мемлекеттік органдар үшін еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесі қазірдің өзінде бар.

    Оның өзінде азаматтар қажетті еңбек өтілін жинағаннан кейін зейнетке шығу уақытын өзі белгілеп, бұл шешім үшін экономикалық жауапкершілікті өз мойнына алады", - деді депутат жолдаған сауалында.

    Оның пікірінше, күтілетін нәтиже – жұмыссыздықтың азаюы, біреуге тәуелділік күйінің азаюы және азаматтардың жұмысқа жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ мемлекеттік бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсетін ауыртпалықты азайту арқылы зейнетақы жүйесіндегі қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

    Сенат депутаты қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығаруды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.