Зейнетақы жинағында артық қаражаты бар қазақстандықтар үшін маңызды ақпарат жарияланды
Жарияланған күні:
Мамырда ең төменгі жеткіліктілік шегі көтеріледі. Демек зейнетақы жинағындағы артылған соманы алу мүмкіндігі азаяды. Көбірек ақша алу үшін ертерек қамданып, өтініш беру керек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі жеткіліктілік шегін көтеруді ұсынған. Ол 2026 жылы мамырдың басында болжамды инфляция деңгейіне қарай артады деп күтілуде.
Осыған байланысты "Отбасы банк" қазақстандықтарды жеткіліктілік шегінен асқан соманы сәуірдің соңына дейін алып үлгеруге шақырды.
"Зейнетақы жинағыңыздағы артық қаражатты тиімді пайдаланып үлгеріңіз – жақын арада жеткіліктілік шегін көтеру жоспарланып отыр. Зейнетақы жеткіліктілік шегі шамамен мамырда көтеріледі. Демек қазіргі таңда қолжетімді сома өзгеруі мүмкін және кейбір мүмкіндіктер шектеледі деген сөз.
Егер сіз зейнетақы жинақтарының артық қаражатын аударуды қарастырып жүрсеңіз, оны кейінге қалдырмаған дұрыс", - делінген банктің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған жазбада.
Қаражатты "Отбасы банк" депозитіне аударып, оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға болады.
Зейнетақы жинағы қалай аударылады
- ЭЦҚ алып, NCALayer орнатыңыз (PKI.GOV.KZ)
- Жеке кабинеттен қолжетімді соманы тексеріңіз (CABINET.ENPF.KZ)
- Отбасы банк мобильді қосымшасында немесе видеоқоңырау арқылы арнайы шот ашыңыз
- enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ арқылы авторизация жасаңыз
- Мақсатты таңдап, соманы көрсетіп өтінім беріңіз (2 жұмыс күніне дейін қаралады)
- Қаражат арнайы шотқа түседі (3-5 жұмыс күні)
- Құжаттарды жүктеп, өтінішке қол қойыңыз (20 жұмыс күні ішінде)
- Тексеруден кейін қаражат аударымы жүзеге асырылады (10 жұмыс күніне дейін)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2370276-zeinetaqy-zhinagynda-artyq-qarazhaty-bar-qazaqstandyqtarga-mangyzdy-aqparat-zhariialandy/