jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Зейнетақының жеткіліктілік шегі тағы өседі: 5 маусымда жаңа ереже күшіне енеді

    Зейнетақы
    Зейнетақы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстанда енді зейнетақы жинағындағы артық ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану жаңа ережемен есептелетін болады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Яғни Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үй алуға немесе емделуге ақша шешіп алу үшін шотта міндетті түрде қалуға тиіс ең төменгі сома — "жеткіліктілік шегі" жаңаша есептеледі.

    Жаңа әдістеме бойынша зейнетақы жинағының жылдық табыстылығы 9 пайыз болады деп алынады, ал зейнетақы төлемдері жыл сайын 8 пайызға өседі деп есептеледі. Осы арқылы мемлекет адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне қанша қаражат қажет болатынын қайта есептемек.

    Сонымен қатар жаңа шек былтырғы деңгейден төмен болмайды. Ал есептеу кезінде инфляциядан 5 пайызға жоғары индекстеу қарастырылған.

    Қаулы 5 маусымнан бастап күшіне енеді. Осыдан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 3 жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялайды. Сол кезде әр жастағы азаматтың шотында кемінде қанша ақша қалуы керегі нақты белгілі болады.

    Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек белгіленген. БЖЗҚ ең төменгі жеткілікті шекті есептеудегі жоспарланған өзгерістерді түсіндірді.

    Зейнетақының жеткіліктілік шегі тағы өседі: 5 маусымда жаңа ереже күшіне енеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.