Еңбек министрі Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізілетінін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифингте Қазақстанның зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді – үш жаңа реформа қарастырылуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Еңбек министрі Асқарбек Ертаев Қазақстандағы зейнетақы жүйесі өзгеріске ұшырайтынын айтты.
"Иә, ол (зейнетақы жүйесі – автордың ескертпесі) қайта қаралады, нұсқау бар. Қазіргі уақытта жұмыс тобының құрамында үш жобаны қарастырып жатырмыз.
Екі қордан ұсыныс бар: БЖЗҚ 4+1 жобасын, ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сақтандыру зейнетақысын ұсынуда. Сенат депутатының да ұсынысы бар: егер азамат 40 жыл жұмыс істесе, ол зейнетке шыға алады", - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.
Министрдің айтуынша, осы үш жобаның қайсысы қарастырылатыны айдың аяғына дейін жарияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2383431-engbek-ministri-qazaqstandagy-zeinetaqy-zhuiesine-ozgeris-engiziletinin-aitty/