Жұмыссыздарға тағайындалатын төлемді қалай алуға болады
Жарияланған күні:

Қазақстанда ресми түрде 446 мыңнан астам жұмыссыз азамат бар. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры дәл осындай нәпақасынан айырылғандарды қаржылай қолдап, қаражат аударады, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Мұндай қолдауға ие болу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Алайда орталықта тіркелгендердің бәрі бірдей бұл көмекті ала алмайды. Қордан қаражат алу үшін азамат оңғы 2 жыл ішінде кемінде 6 ай жұмыс істеп, жұмыс беруші тарапынан тиісті жарналар түскен болуы шарт. Жұмыстан босатылған адамдарға заң бойынша әлеуметтік төлем бір айдан 6 айға дейін тағайындалады.
"Соңғы екі жылда орташа айлығын есептейміз. Сондықтан соңғы екі жылда ең азы 6 айға әлеуметтік аударымдары болуы керек. Төлемнің мөлшері негізінен оның соңғы 2 жылдағы айлығына байланысты және еңбек өтіліне байланысты. Қанша жыл сол азамат үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар түсіп отырды. Төлемнің көлемі негізі орташа айлығының 45 пайызын құрайды", - дейді "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ресми өкілі Гүлбағила Болатбекова.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2405720-zhumyssyzdarga-tagaiyndalatyn-tolemdi-qalai-aluga-bolady/
