jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандықтар болашақ зейнетақысын неліктен өздері жинауы керек: БЖЗҚ түсіндірді

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 26,5 млн-ға жетуі мүмкін. Мемлекетке зейнеткерлерді қамтамасыз ету қиындайды. Сондықтан азаматтар қарттыққа өздері дайындалуға тиіс. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

    Қазақстан халқының саны өсіп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) демографиялық болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай ел халқының саны шамамен 26,5 млн адам болады.

    БЖЗҚ мәліметінше, Қазақстан халқы санының өсуімен қатар оның жас құрылымы да өзгереді: өмір сүру ұзақтығы артып, туу деңгейі төмендеп, егде жастағы азаматтардың үлесі өседі, сондай-ақ еңбекке қабілетті халық санының зейнеткерлер санына арақатынасы қысқарады. Бұл өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне, оның ішінде зейнетақы жүйесіне елеулі ықпал етеді.

    БЖЗҚ мен Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамдарына сәйкес, 2050 жылға қарай 60 және одан жоғары жастағы азаматтардың үлесі Қазақстандағы халықтың жалпы көлемінің 18,8 пайызына жетеді, бұл халықаралық жіктеу бойынша "демографиялық кәріліктің өте жоғары деңгейі" көрсеткішіне сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, ғасырдың ортасына қарай орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 жастан асқан болады.

    инфографика
    Инфографика: БЖЗҚ

    Қазақстандықтар зейнетақыны өздері жинауға тиіс болады

    БЖЗҚ сарапшыларының пікірінше, Қазақстандағы демографиялық өзгерістер ел бюджетіне түсетін әлеуметтік жүктемені күшейтеді. Мұндай жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызы арта түседі.

    Бұл жүйеде болашақ зейнетақы жұмыскер мен жұмыс берушінің жарналары есебінен қалыптастырылады, соның нәтижесінде бюджетке ұзақ мерзімді кейінге қалдырылған міндеттемелер жүктелмейді.

    Демографиялық өзгерістер (халықтың қартаюы, өмір сүру ұзақтығының артуы, бала туу деңгейінің төмендеуі) жағдайында жеке зейнетақыны жоспарлаудың рөлі артып келеді.

    Осылайша, қазақстандықтарға өз зейнетақы капиталын алдын ала қалыптастыру ұсынылады. Бұл демографиялық жағдай мен бюджет мүмкіндіктеріне тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Ол үшін азаматтар мынадай қадамдар жасай алады:

    • ресми жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын тұрақты төлеу;
    • ерікті зейнетақы жарналарын аудару;
    • өз жинақтарының инвестициялық стратегиясына дербес әсер ету – бұл мүмкіндік 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап қолжетімді.
    Қазақстандықтар болашақ зейнетақысын неліктен өздері жинауы керек: БЖЗҚ түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.