jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Биыл 25 мыңнан астам азамат алды: жұмыссыз қалғандарға берілетін жәрдемақыны қалай алса болады

    жұмыссыз
    Жұмыссыз адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жұмыссыз қалсаңыз, мемлекеттен 6 айға дейін қаржылай көмек алуға болады. Жыл басынан бері бұл төлемге 25 мыңнан астам азамат қол жеткізген. Жәрдемақы кімдерге тағайындалады? Оны рәсімдеудің жолы қандай? Бұл сұрақтарға "Астана" тілшісі жауап іздеп көрді.

    Елде ресми түрде 446 мыңнан астам жұмыссыз ретінде тіркелген. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры дәл осындай нәпақасынан айырылғандарды қаржылай қолдап, қаражат аударады. Жыл басынан бері 25 мың 600-ден астам отандасымыз жәрдемақыға ие болды.

    Жәрдемақыны қалай алуға болады

    Төлем алу үшін Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Алайда орталықта тіркелгендердің бәрі бірдей көмекке ие болмайды. Қордан қаражат алу үшін азамат соңғы 2 жыл ішінде кемінде 6 ай жұмыс істеп, жұмыс беруші тарапынан тиісті жарналар түскен болуы шарт.

    "Соңғы екі жылда орташа айлығын есептейміз. Сондықтан соңғы екі жылда ең азы 6 айға әлеуметтік аударымдары болуы керек. Және төлемнің мөлшері негізінен оның соңғы 2 жылдағы айлығына байланысты және еңбек өтіліне байланысты. Қанша жыл сол азамат үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар түсіп отырды. Төлемнің көлемі негізі орташа айлығының 45 пайызын құрайды", - дейді "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ресми өкілі Гүлбағила Болатбекова.

    Өтінімді eGov.kz порталы, 1414 СМС-сервисі арқылы онлайн немесе ХҚКО мен Мансап орталығына барып қалдыруға болады. Құжаттар 8 жұмыс күні ішінде қаралады.

    Мемлекет тағайындайтын төлем тұрақты жұмыс тапқанша демеу. Керек десеңіз, Мансап орталығы өздері жұмыс ұсынады, тіпті жаңа мамандық меңгеруге мүмкіндік береді. Тіршілік істеуге талпынбасаңыз, қолдау тоқтайды.

    Автор: Аяулым Изатқызы

    Биыл 25 мыңнан астам азамат алды: жұмыссыз қалғандарға берілетін жәрдемақыны қалай алса болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.