jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемдер мөлшері арта ма: Ұлттық банк басшысы жауап берді

    Президент "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын іске қосуды тапсырды
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында қазақстандықтарды Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемдердің артуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

    Журналисты поинтересовались у главы Нацбанка, могут ли снизиться объемы выплат детям на фоне дополнительного изъятия из Нацфонда 5 трлн тенге в ближайшие три года на реализацию инвестиционных проектов.

    Журналистер Ұлттық банк басшысынан алдағы үш жылда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қосымша 5 трлн теңге алынған жағдайда балаларға берілетін төлем азаймай ма деп сұрады.

    Тимур Сүлейменов 5 трлн теңге алу жоспарланып отырғанына қарамастан, 2029 жылға қарай Ұлттық қор активтері өсетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіштер елдің 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен үкіметтің бюджеттік параметрлерінде қарастырылған.

    "Қалай болғанда да, Ұлттық қор өседі. Біз инвестициялық басқарушы ретінде қамтамасыз ететін инвестициялық табыс та артады. Тиісінше, балалардың шотына түсетін қаржы көлемі де өсе береді", - деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.

    Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемдер мөлшері арта ма: Ұлттық банк басшысы жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram