jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді

    Ақша және калькулятор
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда 2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Енді жәрдемақы тағайындау кезінде азаматтың өзі ғана емес, отбасындағы барлық кәмелетке толған мүшесінің материалдық жағдайы есепке алынады. Тексеруден кейін отбасылар бірнеше санатқа бөлінеді. Мәселен, әл-ауқаты жоғары "А" санатына қазір атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 92 отбасы кірсе, қанағаттанарлық "Б" санатына 5 мыңдай отбасы еніп отыр.

    Жаңа жүйе бойынша, осы екі санатқа жатқызылған отбасылар үшін әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері шектеледі. Сонымен қатар табысы жеткілікті азаматтарға мемлекеттік көмектен ерікті түрде бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберілмек.

    Бас тарту немесе келісім беру толықтай азаматтардың өз еркінде болады.

    Қазақстанда келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram