Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады
Жарияланған күні:

Елімізде жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Қазанның бірінен бастап пилоттық жоба аясында бұл төлем 3 айға ғана тағайындалады. Төлем азаматтың орташа айлық табысына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты есептеледі.
Сонымен қатар еңбек министрлігі азаматтарды қайта оқытып, жұмыс іздеуге жәрдемдеседі. Ол үшін тұрғындар Мансап орталығына жүгінуге немесе электрондық үкімет порталы мен Enbek.kz арқылы жұмыссыз деп тіркелуге тиіс.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2425455-qazaqstanda-zhumyssyz-qalgandarga-tolenetin-zhardemaqy-merzimi-qysqarady/
