jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандықтардың депозитке аударған зейнетақы жинағы ипотека рәсімделмесе кері қайтарылуы мүмкін

    калькулятор, ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    2021 жылы тұрғын үй депозиттеріне аударылған зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі аяқталып келеді. Егер аталған қаражатқа баспана сатып алынбаса, БЖЗҚ-ға қайтарылады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ порталында.

    2027 жылы кей қазақстандықтардың "Отбасы банктегі" тұрғын үй депозитіне аударған зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі аяқталады.

    Бастапқыда жинақтарды пайдалану мерзімі 3 жыл болса, кейін ол 6 жылға дейін ұзартылды. Осы уақыт ішінде депозитінде зейнетақы жинағы бар қазақстандықтар баспана сатып алуға тиіс, әйтпесе ақша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) қайтарылады.

    "Крыша" порталы еске салғандай, зейнетақы жинағын үш мақсатқа пайдалануға болады:

    • ипотека арқылы баспана сатып алуға;
    • басқа банктегі ипотеканы қайта қаржыландыруға;
    • жер телімін сатып ала отырып, үй салуға.

    Пайдалану мерзімі қашан аяқталады

    Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан аударылған қаражатты пайдалануына 6 жыл уақыт беріледі. Уақыт аударым жасалған күннен бастап есептеледі. Егер аударым бірнеше рет жасалса, әрқайсысы үшін жеке мерзім қолданылады.

    Алғашқы аударымдар 2027 жылдың желтоқсанынан бастап қайтарыла бастайды. "Отбасы банк" түсіндіргендей, қаражатты қайтарудың бекітілген тәртібі әзірге жоқ, бірақ механизм мынадай болуы мүмкін:

    Мысалы, салымшы зейнетақы жинағын бірнеше рет – 2021, 2022 және 2025 жылдары аударған болса, 2027 жылдың желтоқсанында тек бірінші аударымның мерзімі аяқталады. Егер адам жинақты пайдаланып үлгермесе, ол БЖЗҚ-ға қайтарылады. Қалған қаражат тұрғын үй депозитінде қалады.

    Аударым күнін қалай тексеруге болады

    Аударымдар туралы ақпарат жинақтарды пайдалану платформасының "Менің өтінімдерім" бөлімінде қолжетімді. Кіру үшін ЭЦҚ қажет.

    Зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінімде сұраныс жасалған күн көрсетілген. Алты жылдық мерзім дәл сол күннен бастап есептеледі.

    Қазақстандықтар қандай мәселеге тап болуы мүмкін

    Депозитте зейнетақы қаражатының болуы оның ипотекаға жеткілікті екенін білдірмейді.

    Өйткені "Отбасы банктің" стандартты тұрғын үй заемдарының көпшілігінде баспана құнының 50 пайызын жинақтау талап етіледі.

    Мысалы пәтер 30 млн теңге тұрса, бастапқы жарна 15 млн теңгені құрайды. Егер депозитте 5 млн теңге зейнетақы жинағы болса, тағы 10 млн теңгені өз қаражатынан қосу қажет болады.

    Бастапқы жарнасы төменірек бағдарламаларды таңдауға болады:

    • "Наурыз" ипотекасы – 10-20 пайыздан бастап;
    • жұмыс істейтін азаматтарға арналған өңірлік ипотекалар – 10 пайыздан бастап;
    • "30/70" – банктің серіктестерінен бастапқы нарықтағы баспананы сатып алғанда 30 пайыздан бастап.

    Әр бағдарламаның қарыз алушылар мен жылжымайтын мүлікке қойылатын өз талаптары бар. Сондықтан оларға қатысуға өтінім бермес бұрын, талаптарға сәйкестігіңізді тексеріп алған жөн.

    Тұрғын үй депозитінде зейнетақы жинағы болса, не істеу керек:

    • барлық аударым күндерін тексеру;
    • әр соманы пайдалану мерзімін анықтау;
    • қажетті бастапқы жарнаны есептеу;
    • қосымша төленетін өз қаражатыңыздың мөлшерін анықтау;
    • бастапқы жарнасы төмен бағдарламаларды қарастыру;
    • алты жылдық мерзім аяқталғанға дейін мәмілені алдын ала рәсімдеу.

    Кейін БЖЗҚ-дан ақшаны қайтадан аудара аламын деп үміттенудің қажеті жоқ. Себебі, 2021 жылы қазақстандықтар өз жинақтарын төмен шекті мөлшерлемелер бойынша аударған еді, ал кейін ол бірнеше рет өсті.

    Қазақстандықтардың депозитке аударған зейнетақы жинағы ипотека рәсімделмесе кері қайтарылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram