jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2027 жылдан бастап елімізде кей жәрдемақыларды есептеу тәртібі өзгереді

    ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы вице-министрі кейбір әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу үшін АЕК пен күнкөріс минимумын 2026 жылғы деңгейде сақтау не үшін қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Құрылтайдағы брифингте Абзал Бейсенбекұлы мұндай есептеу жүйесі мемлекеттің әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартатынын білдірмейтінін атап өтті.

    "Мұнда бұл жұмысқа деген көзқарасты өзгерту ұсынылып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай әлеуметтік жәрдемақыларды отбасының негізгі табыс көзі ретінде қарастыруға болмайтынын, яғни бұл мемлекеттен көрсетілетін кепілдік берілген ең төменгі қолдау екенін атап өтті. Осыған байланысты тәсілдерді өзгерту ұсынылуда.

    Мен шартты түрде айтайын, олар адамдарға жұмыс табуға мүмкіндік беру үшін қаражатты Отбасылық қолдау орталығына, Мансап орталығына бағыттауды ұсынып отыр. Яғни бұл шығындар негізінен адамдарды өз табысын арттыруға ынталандыру мақсатына жұмсалады", - деді вице-министр.

    Оның айтуынша, мұндай шаралар "халықтың табысының төмендеуіне әкеп соқпайды".

    Бұған дейін 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстыру кезінде Виктория Шегай республикалық бюджет жобасында кейбір жәрдемақыны есептеу үшін АЕК пен күнкөріс минимумының жекелеген мөлшерлері қарастырылғанын растаған.

    "Айта кету керек, жәрдемақы – бұл белгілі бір өмір жағдайларына тап болған азаматтарды мемлекеттік кепілдікпен әлеуметтік қорғау шараларының бір бөлігі ғана. Осы шаралардың бір бөлігін автоматты түрде индекстеу аталған тұлғалардың әл-ауқаты мен экономикалық тәуелсіздігін жақсартуға әсер етпейтінін ескеру қажет.

    Сәйкесінше, бұл жәрдемақыларды арттыруды басқа орта мерзімді кезеңге, атап айтқанда, үш жылда бір рет қайта индекстеу туралы шешім қабылданды", - деді Виктория Шегай.

    2027 жылдан бастап елімізде кей жәрдемақыларды есептеу тәртібі өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram