jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2027 жылы елімізде кей әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдерді 2027 жылдан бастап 8,5 пайызға арттыруды көздейтін бұйрық жобасы жарияланды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

    Ресми түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар кейбір жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады. Олардың кейбірінің мөлшері 2027 жылы ұлғайтылады.

    "Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, өсім екі әлеуметтік төлемге қатысты болады:

    • еңбекке қабілеттілігінен айырылу;
    • асыраушысынан айырылу.

    Индексация мөлшері тағайындалған әлеуметтік төлемдер көлемінің 8,5 пайызындай болады деп күтілуде.

    Еске сала кетейік, екі әлеуметтік төлем де мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалады. Әлеуметтік аударымдары бар азаматтар бірден екі төлем алады.

    2027 жылы елімізде кей әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram