100 млрд теңгеден астам: қазақстандықтар зейнетақы жинағын жаппай жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте қанша қазақстандық БЗЖҚ-дан салымдарын жеке басқарушы компанияларға аудару құқығын пайдаланғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда БЗЖҚ-дан салымдарды жеке басқарушы компанияларға аудару динамикасы жақсы екенін мәлімдеді.
"Бұл көбінесе адамдардың өздері есептей бастағанына байланысты. Адамдар зейнетақы шоты деген шот екенін, саған бұл шотты жоғары пайызбен көбейту амалдарын іздеу керегін түсіне бастады… Меніңше, 100 млрд (ред. - теңге) аударды. Бізде 100 млрд-қа жуық болды. Қазір, сірә, көбірек шығар", - деді ол.
Оның сөзін орынбасары Әлия Молдабекова растады.
"Бәрі дұрыс. Бізде ұзақ уақыт бойы жеке зейнетақы қорының көлемі 70-80 млрд теңге болды, ал қазір шамамен 200 млрд теңге. 7 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға жинақтың 50 пайызын емес, 100 пайызын басқаруға болатындықтан, 100 млрд теңгеге жуық сома аударылды", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз