jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Nova City: Тұрғындар неге форумға келмеді?

    : UGC

    Астанада Nova City компаниясы клиенттерінің бірінші форумы өтті. Компания басшыларымен ашық диалогқа Nova City тұрғын үй кешені 8, 9, 10, 11, 12 және 13 кезектерінің тұрғындары шақырылды, ал бұл 934 пәтер иесі.

    Nova City: неге тұрғындар форумға келмеді
    : UGC

    BI Group холдингінің басқарма төрағасы Амангелді Омаров: 

    "BI Group холдингінің еншілес Nova City компаниясының алғашқы Клиенттер форумын өткіздік. Мыңдаған жаңа пәтер иелерін күткен едік, алайда кездесуге жүзге жуық тұрғын келді. Бұл өкінішті, өйткені барлық тұрғындар жүлделер ұтысына қатыса алмады, бірақ, әрине қуантарлық тұсы да бар, себебі бұл біздің тұрғын үйімізбен клиенттерде ешқандай проблема жоқ. BI Group компаниясының да форумдарында клиенттердің келу санының айтарлықтай қысқарғанын көреміз. Бұл әрине, жобадан жобаға енгізіліп жатқан жақсартулар мен күш-жігеріміздің нәтижесі. Біздің компанияға сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет! "

    Форум бірнеше бөлікке бөлінді: спикерлердің сөз сөйлеулері, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру және сыйлықтар мен үй және жөндеу үшін тауарлар сатып алуға сертификаттар.

    Nova City: неге тұрғындар форумға келмеді
    : UGC

    Амангелді Омаров тұрғындарға компания жұмысының құрылымы мен принциптері, клиенттердің сервис қызметтерімен ыңғайлы және жедел қарым-қатынас жасау үшін енгізілген жаңалықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бүгінгі таңда BI Group холдингімен 4 млн.шаршы метр тұрғын үй және коммерциялық орындар және 1 млн. шаршы метр әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандары салынды.

    Nova City компаниясының бас директоры Андрей Гуцал ребрендинг туралы айтып берді. Айта кетейік, Otau Development Group енді Nova City деп аталады. Жаңа атау компанияның мақсаттарын айқындай түсті. Қаламыздың игерілмеген жерлерінде үйлер тұрғызуда, инфрақұрылымы күн санап дамып келеді, жолдар салынып, инженерлік желілер жүргізілуде. Іс жүзінде жаңа астаналық шағын аудан құрылды.

    Nova City: неге тұрғындар форумға келмеді
    : UGC

    "Nova City тұрғын үй кешені «Эконом кластағы№ 1 тұрғын үй кварталы» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы 2018» сыйлығының жеңімпазы атанды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, - деді Андрей Гуцал.

    Nova City: неге тұрғындар форумға келмеді
    : UGC

    Форумда проблемалық тақырыптар да айтылды. Көптеген тұрғындарды паркингтің жоқтығы толғандырады. Құрылыс салушы оның құрылысы соңғы кезектің аяқталу кезеңінде жоспарланғанын хабарлады. Кейбір тұрғындар желдеткіш, термореттегіштер, кіреберістердегі көтергіштерге шағымданды. Компания өкілдері тұрғындарды осы пәтерлер бойынша рейдтер өткізіп, қолайлы шешімдер шығаратынына сендірді.

    Nova City: неге тұрғындар форумға келмеді
    : UGC

    Форум соңы жүлделердің ұтыс ойынымен аяқталды. 100.000 теңге сертификатының бақытты иегері Бибинур Адамова:

    "Сату бөлімінің бастығы Әнуар Атагузиннің жұмысын атап өткім келеді. Nova City командасына сапалы және сенімді үй үшін алғыс айтамын. Құрылысшылардың жұмыстарына табыс, тұрғындардың үйлері жылулыққа толы болсын!"

    *PR құқында

    Nova City: Тұрғындар неге форумға келмеді?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.