jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы не білуге болатынын айтты

    Телефон
    Көрнекі фото: pexels.com

    Интернеттің көмегімен ұялы телефон нөмірі арқылы адам туралы кез келген ақпаратты білуге болады. Бұл үшін арнайы мобильдік қосымшаны немесе іздеу жүйелерінің бірін пайдалану қажет деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

    Бұл туралы ресейлік сарапшы Павел Мясоедов Прайм агенттігіне берген сұқбатында айтты.

    "Сізге кім қоңырау шалып жатқанын анықтау мақсатында Getcontact мобильдік қосымшасын пайдалануға болады, қосымшада "ақылды телефон кітапшасы" бар, онда пайдаланушылар жіберген телефон нөмірлері мен оның иесі туралы ақпарат жинақталған", - деді ол.

    Ал Роман Солдатенков смартфон арқылы жасырын орнатылған камераны қалай табуға болатынын жеткізді.

    "Бөлмедегі жарықты сөндіру қажет. Содан кейін телефонның камерасы мен шамын қосып, бөлмені аралаған жөн, төбені, қабырғаларды мұқият қарап шығу тиіс. Егер бөлмеде жасырын камера болса, смартфонның экранына жарығы түседі", - дейді сарапшы.

    Оның сөзінше, егер телефонның шамы болмаса, басқасын пайдалануға болады, тек гаджеттің камерасымен бір бағытта жарық түсіру тиіс.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

    Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

    Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

    Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

    Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы не білуге болатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.