jitsu gif
Қаржы

    Илон Маск Tesla акцияларының құлдырауы салдарынан 20 млрд доллар шығынға ұшырады

    Илон Маск
    Илон Маск. Фото: Chesnot/Getty Images

    Америкалық кәсіпкер Илон Маск өзінің Tesla электромобиль компаниясы акцияларының құлдырауы салдарынан 20 миллиард доллар шығынға ұшырады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

    Басылым жазуынша, Tesla электромобильдердің бағасын төмендетуді жалғастыруы мүмкін екенін ескерткен соң акциялар құлдыраған. Салдарынан Илон Масктың байлығы 20,3 миллиард долларға азайған.

    Жалпы алғанда Масктың байлығы 234 миллиард долларға дейін азайған.

    Ал Forbes мәліметінше, Илон Маск бір күнде 18,4 миллиард доллар жоғалтқан.

    Илон Маск – америкалық кәсіпкер, инженер және миллиардер.

    Британ энциклопедиясының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, ол SpaceX компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, Tesla инвесторы және бас директоры, The Boring Company негізін қалаушы, Neuralink және OpenAI-тің ортақ құрылтайшысы және былтырдан бері Twitter иесі.

    Илон Маск Tesla акцияларының құлдырауы салдарынан 20 млрд доллар шығынға ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.