jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда зілзаладан кейін бір күнде саяжай мен жер үйді жалға алғандар саны төрт есе өскен

    Жер үй
    Жер үй. Көрнекі фото: pixabay.com

    Зілзаладан кейін Алматыдағы жер үйлерге сұраныс артқан. Небәрі бір күннің ішінде саяжай мен баспаналарды тәулігіне жалға алғандардың саны да төрт есе өсіпті. Сәйкесінше баға да өскен. Баспана бағасына қатысты риелторлардың болжамын КТК арнасы жариялады.

    Телеарна мәліметінше, Алматыда зілзаладан кейін көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында тұратын тұрғындар бірден жалға берілетін жер үй мен саяжайларды іздеп кеткен. Риелторлар жалға берілетін жер үй мен саяжайларға сұраныс көбейіп, баға да өзгереді дейді.

    "Мысалы, мен жаңа жылға дейін 115 шаршы метрді 700 мың деп қойған едім, жеті қабатты үйдің екінші қабаты. Жер сілкінісі болмай тұрып, оны 600 мыңға өткізіп тастаған едім. Енді жер сілкінісі болғаннан кейін адамдар хабарласа бастады. Өйткені бәрі қаша бастаған. Жер үйлерге де бағаны өте қымбат қойып қойған. Өйткені, мысалы, бір жарым млн деп тұрған үйлерді 2 млн деп қойған", - дейді риелтор Қуаныш Шәріпов.

    Риэлтердің сөзінше, үйін 1 млн теңгеге өткізе алмағандар қазір ол үйді 1 жарым млн теңге деп қойған. Үйдің құны әлі де өзгеретінін шетелдік тәжірибеге сүйенген мамандар да айтып отыр. Яғни көпқабатты баспаналардағы пәтер арзандап, ал жер үйлердің құны өсуі мүмкін. Бірақ бұл уақытша құбылыс, нарық реттелген соң бәрі қалпына келеді дейді, сарапшылар.

    "Қысқаша мерзім ішінде пәтер бағасының өсуі 10-20 пайыздың арасында болуы мүмкін. Ал жер үйдің бағасын өсірсе ,10 пайызға өсіруі мүмкін. Былтыр Түркияда болған жер сілкінісінде қысқаша мерзімде сұраныс азайып кетті. 3-4 ай өткеннен кейін сұраныс ақырын орнына келді. Айтарлықтай түсті деп айтуға болмайды", - дейді бағалау маманы Бауыржан Бектаев.

    Дереккөз: КТК

    Алматыда зілзаладан кейін бір күнде саяжай мен жер үйді жалға алғандар саны төрт есе өскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.