jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет шығыны – 591 млн теңге: Қостанай облысында көліктерді заңсыз тіркеу ісі тергеліп жатыр

    Жүк көліктері
    Заңсыз тіркелген жүк көліктері. Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

    Қостанай облысы бойынша департаментімен 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеу үшін төлем жасамай, заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Бұл туралы ҚМА-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекетке келтірілген шығын 591 млн теңге болған.

    "Республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғындары 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік тіркемелерін әкелгені анықталды", – делінген хабарда.

    Бұл бастапқы тіркеу төлемін 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берген.

    Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген.

    Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленді.

    Сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды.

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

    Мемлекет шығыны – 591 млн теңге: Қостанай облысында көліктерді заңсыз тіркеу ісі тергеліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.