jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккендерге қандай баспана салынатыны белгілі болды

    тұрғын үй
    Тұрғын үй құрылысы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін қандай үйлер салынатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева министр Қанат Шарлапаевтың табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың баспанасын қалпына келтіру жөнінде тапсырма алғанын еске салды.

    "Осы бұйрық аясында министрлікте жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй құрылысын қарастыратын кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар аясында тұрғын үйлердің алдын ала екі жобасы әзірленді.

    Біріншісі - ауданы 80 шаршы метр болатын үш бөлмелі жеке тұрғын үй, ал екіншісі – жалпы ауданы 160 шаршы метр екі пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген эскиздер мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл жұмыс алдағы аптаның соңына дейін аяқталып, стандартты жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылады", - деді ол.

    Ибраева ведомство басшысы кеше облыстық және республикалық ірі құрылыс компанияларымен де кездесіп, олардың ресурстарын жедел жұмылдырып, құрылысты тез арада бастау үшін кездесті.

    "Сонымен қатар маңызды кезең су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау үшін әкімдіктер техникалық тексеру өткізеді. Әкімдіктер су тасқыны тоқтаған кезде келтірілген шығынды есептейді", - деді Меруерт Ибраева.

    Еске сала кетейік, 9 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты. Мемлекет басшысы табиғи апат салдарынан қираған тұрғын үйлерді жедел қалпына келтіруді тапсырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.