jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқынынан зардап шеккендерге 22 млн теңгеден өтемақы төленетіні рас па: министрлік өкілдері жауап берді

    Құлсары қаласындағы су тасқыны
    Құлсары қаласындағы су тасқыны. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 22 миллион теңге төленеді деген желіде тараған қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Желіде төлем туралы хабарламалар тарай бастады. Бұл ақпаратты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ыбраева жоққа шығарды.

    "Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 22 миллион теңге төленеді деген қауесет шындыққа жанаспайды.

    Қазақстан үкіметі су тасқынынан қираған әр үйдің құрылысына 22 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр", - деді ол.

    Ведомство өкілі бұл қазір мемлекеттік сараптама сатысында тұрған, жоба бойынша ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны жөнінде айтылып тұрғанын атап өтті.

    "Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға тұрғын үй салуға бөлінеді", - деп атап өтті министрлік өкілі.

    Айта кетейік, бүгін үкімет табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидасын жариялады. Ережеге сәйкес, материалдық залал келтірілген зардап шегушілер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға (әкімдік) материалдық залалды өтеу туралы өтініш беруі керек.

    Су тасқынынан зардап шеккендерге 22 млн теңгеден өтемақы төленетіні рас па: министрлік өкілдері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.