jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Шотты бұғаттаймыз деп қорқытады": министрлік алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті

    Ер адам ұялы телефон қарап отыр
    Ұялы телефон. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бүгін өткен брифингте алаяқтықтың жаңа әдісі, сондай-ақ мұндай айла-амалдарға түсіп қалмау жолдары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли кейінгі кездері алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтты.

    "Жалған қызметкерлер өздерін сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтардан қарызды қайтаруды талап етеді, әйтпесе шоттары мен мүлкі бұғатталады деп хабарлайды", - деді ол.

    Талғат Уәлидің сөзінше, осы сынды қоңырау немесе хабарлама түскен жағдайда Әділет министрлігі мен Республикалық және облыстық жеке сот орындаушылар палатасының ресми сайттарында ақпаратты өз бетінше тексеріп, қажет болған жағдайда банкке хабарласуды ұсынады.

    "Тексеру үшін интернет-браузердің іздеу жүйесіне "Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылғын ақпараттық жүйесі" деп жазу керек. Кейін "Борышкерлер мен тыйымдар тізілімін" таңдап, тек ЖСН енгізіп тексеруге болады.

    Талғат Уәли қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және белгісіз тұлғаларға жеке деректерді бермеуге шақырды.

    "Шотты бұғаттаймыз деп қорқытады": министрлік алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.