jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы тұрғыны бірнеше миллион теңге тұратын көлікті 250 мың теңгеге сатып алды (видео)

    Ақтөбедегі ұрланған көлік
    Ұрланған көлік. Видеодан кадр: polisia.kz

    Алматы тұрғыны ұрланған көлікті құжатсыз 250 мың теңгеге сатып алған. Күдікті Ақтөбеде көлікті эвакуатормен жаңа иесіне жөнелтіп жатқан кезде ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

    Ведомство ақпараты бойынша, 19 сәуірде түнде Ақтөбедегі көпқабатты үйдің ауласынан Lada Granta автокөлігі ұрланған. Көлік иесі өзіне келтірілген залалды 3 млн теңгеге бағалады.

    Полиция қызметкерлері мамырда күдіктіні анықтап, автокөлікті эвакуатормен Алматыға жіберіп жатқан жерінен ұстады.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті автокөліктің есігін бұзып ашып, оны айдап кеткен. Ұрланған көлікті танысының гаражына жасырып, көлік құралын құжатсыз сату туралы хабарландыру берген. Ұсталған адам жеңіл автокөлікті Алматы тұрғынына 250 мың теңгеге құжатсыз сатқанын айтты", - делінген хабарламада.

    Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    Алматы тұрғыны бірнеше миллион теңге тұратын көлікті 250 мың теңгеге сатып алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.