jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Шымкентте 1 тамыздан бастап тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталады

    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаске
    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаске. Көрнекі сурет: AndreyPopov/Getty Images

    Өтінімдер 2024 жылдың 1 тамызында сағат 9:00-ден бастап қабылданады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде "2-10-20 Бақытты отбасы", "5-10-20" бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек.

    Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.

    Талаптарға сәйкес, өтініш беруші мен бірге тұратын отбасының әр мүшесінде айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен, соңғы 6 айда орташа табысы 134 562 теңгеден аспауға тиіс. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

    Айта кетейік, өтініштер кezekte.kz интернет ресурсында қабылданады. Өтінім жіберу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

    Шымкентте 1 тамыздан бастап тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.