jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    200 мыңнан астам қазақстандық "резеңке пәтерлері" үшін жазаланды

    Баспана
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Көші-қон қызметі комитетінің басшысы Аслан Аталықов Қазақстандағы анықталған "резеңке пәтерлер" туралы айтты. Оның сөзінше, мұндай пәтердің көпшілігі Алматы, Астана және Шымкентте тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің басшысы Аслан Аталықов Қазақстан азаматтарының шетелдіктерді тіркеу фактілері қай қала көбірек тіркелгенін айтты.

    "Ел бойынша 1348 "резеңке" пәтер анықталды, онда 36 мыңға жуық адам тіркелген. Ішкі істер органдары тіркеусіз жүрген немесе жалған тіркеуде тұрғаны үшін 200 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деді Аслан Аталықов.

    Комитет басшысы жалған тіркеу үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те болуы мүмкін екенін еске салды.

    "Астанада елорда тұрғындарының бірі мыңға жуық азаматты тіркеген, сол арқылы заңсыз көші-қонды заңдастыру мен ұйымдастыру түрімен айналысқан. Пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді ведомство басшысы.

    200 мыңнан астам қазақстандық "резеңке пәтерлері" үшін жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.