"Шара қабылданды": Астана әуежайы автотұрақ бағасын көтеру жоспарына байланысты ескерту алды
Жарияланған күні:

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" автотұрақ бағасын көтеру жоспарына байланысты ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойыншадепартаменті "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады.
Бұған дейін әуежайдың Instagram-дағы ресми аккаунтында ақылы автотұрақ аймақтарында тарифтердің өсуі туралы ақпарат жарияланған болатын.
"Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақ кеңістігінің қымбаттағаны туралы хабарланды.
Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің ескертуі нәтижесінде "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ ақылы тұрақ аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 15 қазаннан бастап Астана әуежайындағы автотұрақ құны өзгеретіні тұрақ орнын жалға беру бағасы әуежай инфрақұрылымын жақсарту мақсатында көтерілгені хабарланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2172694-shara-qabyldandy-astana-auezhaiy-avtoturaq-bagasyn-koteru-zhosparyna-bailanysty-eskertu-aldy/