jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Болашақ" стипендиаттары мен түлектеріне жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасалды

    Хакер
    Ноутбукпен жұмыс істеп отырған ер адам. Көрнекі фото: freepik.com

    "Болашақ" стипендиаттары мен түлектеріне жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасалды. Бұл туралы "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар Халықаралық бағдарламалар орталығының атынан хабарласып, SMS арқылы келген тексеру кодтарын немесе ақшалай қаражат жіберуді сұрайды.

    Халықаралық бағдарламалар орталығы ешқашан тексеру кодтарын сұрамайды және ақшалай қаражат талап етпейді. Барлық ресми ақпарат біздің ресми байланыс арналары немесе кураторлар арқылы ғана жіберіледі. Сақ болыңыздар!" - делінген "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарда.

    Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу керек екені айтылады. Осындай жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгіну керегі айтылады.

    "Болашақ" стипендиаттары мен түлектеріне жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.