jitsu gif
Қаржы

    Астанада велосипед жалдау бекеттері бұғатталады

    Велосипед
    Велосипед. Көрнекі сурет: pexels.com

    Астанада қалалық велосипед жалдау маусымы аяқталады. Бекеттер бұғатталады, деп ескертті астаналықтар City Transportation Systems-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Компанияның әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратына сәйкес, 31 қазанда қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады.

    "Барлық станциялардағы велосипедтер 31-інен 1-іне қараған сағат 00:00-де бұғатталады. Осыдан кейін жалдауды пайдалану мүмкін болмайды. Абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды, тек теңгерім ауыстырылады", - делінген хабарламада.

    Қалаған жағдайда теңгерімде қалған қаржыны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады.

    Айта кетсек, velobike.kz сайтының ақпаратынша, велошеринг жүйесі елордада алғаш рет 2014 жылы жұмыс істей бастаған. 16 жастан асқан адамдар велошеринг қызметтерін пайдалана алады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.