jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда шетелдіктерге виза беру ережелері жеңілдетілді

    виза
    Виза. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    18 қарашада Қазақстанда виза берудің жаңартылған ережелері күшіне енеді. Бұл өзгерістер елдің туристік тартымдылығына әсер ететіні мәлімделді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сыртқы істер министрлігі сайтының хабарлауынша, жаңа ережелер іскер иммигранттар, білікті мамандар мен саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Жаңа өзгерістер келесіні қамтиды:

    • "В9" визасы – сұранысқа ие кәсіптер өкілдеріне одан әрі тұрақты тұруға ықтиярхатты ресімдеуге мүмкіндік беретін санаты;
    • Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік электронды және көп реттік қағаз визасы, тұрақты тұру мүмкіндігін береді;
    • Neo Nomad Visa – айына кемінде 3000 АҚШ долларын құрайтын табысты растаған жағдайда ұзақ мерзімді болу құқығын беретін "неономадтар" үшін туристік виза;
    • "С5" бизнес-визасы үшін талап етілетін құжаттар тізімі айтарлықтай азайып, отбасы қосылуы мақсатында виза алу үшін неке-отбасы қатынастар ұзақтығының минималды мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды.

    "Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білікті мамандарды тартуға және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

    Қазақстанда шетелдіктерге виза беру ережелері жеңілдетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.