jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада жаңа автобустар жолға шықты

    Астана автобустары
    Автобус. Фото: gov.kz

    Астанада қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында төрт бағыт бойынша жаңа автобустар іске қосылды. Жеке автобус паркі 30 жаңа көлік сатып алып, оларды жолаушылар тасымалына пайдалануға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

    № 6, 14, 16, 42, 43, 53, 70-бағдарларына қызмет көрсететін жеке автобус паркі 30 жаңа автобус сатып алды. Олар желіге шығарылып үлгерген.

    Жаңа көліктер №14, 42, 53, 70 маршруттардың жылжымалы құрамын жаңарту үшін пайдаланылды, делінген CTS-тің Instagram-дағы профилінде.

    Жақында Астанада тұрғындардың өтініші бойынша 63-ші автобустың бағыты өзгерді, онда 10-20 минуттық аралықпен 12 автобус жүреді.

    4 қарашадан бастап жолаушылардың автобус күту уақытын қысқарту үшін №11 және №26 астаналық бағыттарға 2 автобус қосылды.

    Сондай-ақ 26 қазаннан бастап Астанада экспресс-автобус бағыттарының саны ұлғайтылды.

    Астанада жаңа автобустар жолға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.