jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы ғимараттарды сейсмикалық күшейту Жапония мен АҚШ тәжірибесі негізінде жүргізіледі

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстарында басқа елдердің тәжірибесі пайдаланылмақ. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2025 жылдың бірінші жартыжылдығында біз желтоқсан айында аяқтайтын сейсмикалық аудит нәтижелері бойынша Жапония, АҚШ және Израиль тәжірибесі негізінде ғимараттарды сейсмикалық күшейтудің жеке қалалық бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады.

    Алматыда қабылданған тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында әлеуметтік және әкімшілік ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша қолданыстағы жұмыстарды ретке келтіреміз", - деді қала әкімі.

    Ол жер сілкінісін ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін алдағы үш жылда 70 жаңа сейсмикалық станция орнатылатынын айтты. Бұл үшін қала бюджетінен 700 миллион теңге қарастырылған.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.

    Сонымен қатар Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі пилоттық режимде іске қосылған болатын.

    Алматыдағы ғимараттарды сейсмикалық күшейту Жапония мен АҚШ тәжірибесі негізінде жүргізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.