Қаржы

Зектілері

Астанада пәтер жалдау құны Алматыдан қымбат болуы мүмкін бе

Жарияланған күні:

Читать на русском
жаңа тұрғын үй
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 2024 жылы жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы өсті. Сарапшылар Астанада осы күйде жалғаса берсе, Алматыдан да жоғары болуы мүмкін екенін айтады. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Жалдамалы баспана – өз пәтерін сатып алуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін қажеттілік. Ал кейбір пәтер иелері үшін бұл негізгі табыс көзі болуы мүмкін.

Пәтер жалдау бағасы нарықтық факторға – сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты. Біздің елде жалға берілетін баспананың бағасын пәтер иелері өздері белгілейді.

Бұл тұрғыда Алматы пәтерді жалға алушылар үшін ең қымбат қала болып саналады. Бірақ статистика өзгеріп отырады. Ал қазіргі үрдіс жалғаса берсе, Астана баға бойынша көш бастау мүмкін, дейді мамандар.

Астанадағы пәтер жалдау құны Алматыдағы бағаға жетті

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасы 7,9 пайызға өсті. Салыстыру үшін: жаңа баспана сату саны бір жылда 3 пайызға, ал қайталама нарықтан сату 4,2 пайызға өсті.

Бұл ретте еліміздің үш мегаполисінің екеуінде – Астана мен Алматыда жыл сайынғы негізде жалға берілетін тұрғын үй бағасының әртүрлі динамикасы байқалады. Мысалы, Астана нарығында 2016 жылдан бері баға тұрақты түрде өсіп жатыр: шаршы метрі 2 394 теңгеден 4 959 теңгеге дейін өскен.

Ал Алматыда соңғы үш жылда жалға алу құнының біртіндеп төмендегені байқалады: 2022 жылғы 5 619 теңгеден 2024 жылы 5 344 теңгеге дейін төмендеген.

Ал егер мегаполистердегі мұндай баға серпіні жалғаса берсе, онда Алматыдан гөрі елордада пәтерді жалға алу қымбаттауы ықтимал.

Сонымен қатар 2001 жылдан бергі статистикалық мәліметтер осы қалалар арасында жалға берілетін тұрғын үй бағасының жетекші позицияларының тұрақты түрде өзгергенін көрсетеді.

Осылайша, 2004 жылға дейін Астанада пәтерді жалға алу Алматыға қарағанда қымбат болған. Ал айырмашылық 56 пайыздан 26 пайызға дейін болды. Одан кейін сегіз жыл бойы (2012 жылға дейін) Алматы баға бойынша көш бастап тұр, 10,5 пайыз айырмашылықпен.

Кейін 2013-2021 жылдар аралығында Астанада тағы да тұрғын үй жалдау құнының тұрақты өсуі байқалды: максималды айырмашылық 24,5 пайызға жетті. Бірақ 2021 жылдан кейін баға бойынша Алматы қйтадан алға шықты. Оның үстіне дәл 2022 жылдың қаңтарынан бастап статистика әртүрлі бағаны көрсете бастады.

Осылайша, Астанадағы жалға берілетін пәтерлердің құны алдағы жылдары Алматыдан тағы да асып түсуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2210945-astanada-pater-zhaldau-quny-almatydagy-qymbat-boluy-mumkin-be/