jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тұрғын үйлердің подъездерінде қауіпті QR-кодтары бар хабарландырулар ілініп жатқаны рас па

    QR код
    QR код. Көрнекі сурет: dowell/Getty Images

    Қазақстандықтар WhatsApp-та алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы жарыса жазып жатыр. Нақтырақ айтсақ, тұрғын үйлердің подъездеріне қауіпті QR-кодтары бар хабарландырулар ілініп жатыр деген ақпарат тараған. Осы орайда stopfake.kz сайты бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрді.

    WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаға сенсек, подъездерде QR код арқылы тұрғын үйдің ортақ чатына кіру туралы ұсыныс жазылған хабарландырулар ілініп жатыр. Ал кодты сканерлеген кезде алаяқтар пайдаланушылардың карталарынан ақшаны қолды қылады екен.

    Хабарландыру
    Хабарландыру. Фото: Polisia.kz

    Бұл хабарлама қазақстандық әлеуметтік желілерде де тарады. Бұл туралы Екібастұз қаласында тіркелген @ekibastuz_live аккаунты жазған.

    Екібастұз қаласының полиция басқармасы кіреберістердегі хабарландырулар туралы посттың астында өз пікірін қалдырған.

    "Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды. Полицияға мұндай хабарландыруларды анықтау фактісі бойынша өтініштер түскен жоқ. Бұл дерек көрші мемлекетте болған", – делінген ресми хабарламада.

    Қазақстандық полицейлер сілтемесін қалдырған БАҚ-та алаяқтық схема туралы егжей-тегжейлі жазылған.

    "Новости Севастополя" порталының журналистері сарапшылармен сөйлесіп, QR-кодпен зиянды сілтемелерді жасыруға болатынын анықтады. Егер сіз оларға өтсеңіз, онда пайдаланушы тіркелгісі бұзылады.

    "Касперский зертханасының" бас сарапшысы Сергей Голованов бұл схеманың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Кодты сканерлегеннен кейін мессенджерде жаңа құрылғыны қосу туралы сұрау шығады. Егер екі факторлы аутентификация қосылса, пайдаланушыдан қосымша кодты енгізу сұралады. Нәтижесінде киберқылмыскерлер құпия чаттардан басқа барлық байланыс пен хат-хабарларға қол жеткізе алады.

    Алаяқтық схема туралы ақпарат Қазақстанда жалған болып шыққанымен, мамандар QR-кодтарды сканерлеу кезінде абай болуға және қауіпсіздік сақтау үшін сілтемелерді үнемі тексеріп отыруға кеңес береді.

    Тұрғын үйлердің подъездерінде қауіпті QR-кодтары бар хабарландырулар ілініп жатқаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.