Қаржы

Зектілері

Xiaomi Redmi Note 14 сериясын ұсынады: кәсіби фотосурет пен керемет беріктіктің үйлесімі

Жарияланған күні:

Xiaomi
Xiaomi. Фото: Xiaomi

Заттар интернеті платформасымен (IoT) біріктірілген тұтынушылық электроника мен ақылды құрылғылардың жетекші өндірушісі Xiaomi Corporation (Xiaomi немесе "Топ", акция коды: 1810) Қазақстанда Redmi Note 14 смартфондары сериясының шыққанын хабарлайды.

Жаңа желіге төрт модель кіреді: Redmi Note 14 Pro+ 5G, Redmi Note 14 Pro 5G, Redmi Note 14 Pro және Redmi Note 14. Бұл құрылғылар Redmi Note сериясын жасанды интеллект және жоғары технологиялық камерамен, беріктігімен және жаңартылған функционалдық мүмкіндіктерімен жаңа деңгейге көтеріп, көптеген пайдаланушыға озық функцияларды ұсынады.

Анықтығы жоғары AI камераларына өміріңіздің әр сәтін түсіріңіз

Redmi Note 14 сериясының камералары флагмандық модель деңгейіндегі фотосуреттер түсіру мақсатында жасалынған. Pro-ның ең үздік нұсқаларында ұсақ бөлшектерді айқын түсіруге мүмкіндік беретін кескінді оптикалық тұрақтандыруы (OIS) бар 200 Мп AI-камерасы қолданылады. Сонымен қатар жоғары ұлғайту мүмкіндіктерімен жабдықталған Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G серияларында сапаны жоғалтпайтын 2x және 4x оптикалық зумнан 30 есеге дейін, Redmi Note 14 Pro-да 20 есеге дейін ұлғайтуға болады. 108 Мп AI камерасымен жабдықталған Redmi Note 14 енді бәріне қолжетімді.

Xiaomi. Фото
Xiaomi. Фото: Xiaomi

Алдыңғы камераларға жүргізілген жұмысқа тоқталсақ, барлық модель кемінде 20 Мп, ал Redmi Note 14 Pro 32 Мп ажыратымдылығы бар сенсорлармен жабдықталған. Кең бұрышты 0.8x зум арқасында барлық достарыңызбен, жақындарыңызбен бірге керемет сәтті толыққанды суретке түсіруге мүмкіндік береді.

Ерекше фото және видео контентке арналған шығармашылық мүмкіндіктер

Redmi Note 14 сериясы күшті камераларды ғана емес, сонымен қатар шығармашылығыңызға арналған қызықты контент жасау үшін бірқатар функцияны ұсынады. Оның ішінде:

  • Динамикалық түсірілімдер кадрларды жандандыру үшін өмірде адам жай көзбен көре алмайтын іс-қимылды қосады.
  • Dual Video режимі бейнені бір мезгілде алдыңғы және негізгі камераларға түсіруге мүмкіндік береді, видеоны әр түрлі ракурстан түсіреді.

AI жетілдірілген функцияларының арқасында Pro модельдерінде фотосуреттерді өңдеу бұрынғыдан да ыңғайлы:

  • Кескінді AI-кеңейту артқы фон мен аса терең композициялар жасауға арналған.
  • AI-Өшіргіш Pro фотосуреттегі артық объектілерді бірнеше рет түрту арқылы өшіруге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге негізгі нұсқаларда артқы фонды оңай өзгерту үшін AI-Аспан сияқты функциялары қарастырылған. Кіріктірілген AI-шешімдерінің арқасында өңдеуге көп күш жұмсамай-ақ, жылдам, әрі жоғары сапалы суреттерді алуға болады.

Xiaomi
Xiaomi. Фото: Xiaomi

Бағалар және қолжетімділік

Redmi Note 14 Pro+ 5G-дің үш түсі қолжетімді: Түнгі қара, Лаванда күлгін және Аязды көк. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

  • 8 Гб+256 Гб - 209 990 теңге
  • 12 Гб+512 Гб - 239 990 теңге

Redmi Note 14 Pro 5G-дің үш түсі ұсынылады: Түнгі қара, Лаванда күлгін және Жасыл Ақықты. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

  • 12 Гб+512 Гб - 199 990 теңге

Redmi Note 14 Pro-ның үш түсі қолжетімді: Түнгі қара, Аврора күлгін және Мұхиттық көк. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

  • 8 Гб+256 Гб - 144 990 теңге
  • 12 Гб+512 Гб - 174 990 теңге

Redmi Note 14-тің төрт түсі қолжетімді: Түнгі қара, Тұман күлгін, Мұхиттық көк және Лаймдық жасыл жад көлемінің үш нұсқасымен.

  • 6 Гб+128 Гб - 87 990 теңге
  • 8 Гб+128 Гб - 97 990 теңге
  • 8 Гб+256 Гб - 107 990 теңге
Xiaomi. Фото
Xiaomi. Фото: Xiaomi

24 қаңтар мен 13 ақпан аралығында mi.com сайтында және Authorized Xiaomi Store авторланған реселлер дүкендерінде Redmi Note 14 смартфондарын сатып алу кезінде Redmi Buds 6 Play құлаққаптарын сыйлық ретінде алуға болады, ал Redmi Note 14 Pro, Redmi Note 14 Pro 5G және Redmi Note 14 Pro+ 5G смартфондарын сатып алу кезінде Redmi Buds 6 құлаққаптарын сыйлық ретінде алуға болады.

Сонымен қатар Redmi Note 14 смартфоны арнайы бағамен қолжетімді болады:

  • 6 Гб+ 128 Гб - 87 990 теңге орнына 84 990 теңге
  • 8 Гб+ 128 Гб - 97 990 теңге орнына 94 990 теңге
  • 8 Гб+ 256 Гб - 107 990 теңге орнына 104 990 теңге

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2214588-xiaomi-redmi-note-14-seriiasyn-usynady-kasibi-fotosuret-pen-keremet-beriktikting-uilesimi/