Қазақстанда бензин мен дизель отынын теміржолмен экспорттауға тыйым салынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда теміржол көлігімен бензин, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін шекарадан асыруға тыйым салынды. Сондай-ақ жанар-жағармайды автомобиль көлігімен басқа елдерге шығаруға тыйым бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тиісті бұйрыққа сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігі ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу үшін бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салатын бірлескен бұйрық шығарды.
Жеткізу жоспарына сәйкес, сондай-ақ табиғи зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында көрсетілетін гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкету жоспарларына сәйкес бензин әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін темір жол көлігімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге әкетуге тыйым салу енгізіледі.
Сонымен қатар, дәл осындай тыйым 2024 жылдың 29 қыркүйегінен бастап республикадан автомобиль көлігімен бензин мен дизельді экспорттауға қатысты, жанармай багындағы жанармайды қоспағанда, наурыз айының соңына дейін күшінде.
Еске сала кетейік, елімізде алдағы айдан бастап жанармай мен сұйытылған газ қымбаттайды. Баға бірден емес, кезең-кезеңімен өседі деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. Министрліктің болжамынша, сұйылтылған газ бағасы 107 теңгеге дейін баруы мүмкін. Бұл елдің орталығы, солтүстігі мен шығыс өңірлеріне қатысты, ал батыста 65 теңге шамасында болмақ. Бензин бағасының нақты қалай болатыны әзірге белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2216108-qazaqstanda-benzin-men-dizel-otynyn-temirzholmen-eksporttauga-tyiym-salyndy/