jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қолма-қол немесе картамен: былтыр қазақстандықтар қандай тәсілмен жиі төлем жасаған

    Банктік картамен төлем жасап жатқан адам
    Банктік картамен төлем жасау сәті. Көрнекі фото: pexels.com

    2024 жылы қазақстандықтардың дені қолма-қол ақшасыз төлем жасаған. Қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 87 пайыз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.

    Ұлттық банктің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз операцияларының өсімінде оң үрдіс сақталып отыр.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшасыз операциялар санының өсуі 13,4 пайыз (жалпы саны – 12,8 млрд операция), көлемі – 17 пайыз (жалпы көлемі – 166,1 трлн теңге) болған. Мәселен, 2024 жылы халық орташа есеппен 453,6 млрд теңгеге күн сайын қолма-қол ақшасыз 35,1 млн операция жүргізген.  

    2024 жылы халық іске асырған барлық транзакция саны жағынан (98 пайыз) да, көлемі жағынан (87 пайыз) да қолма-қол ақшасыз жасалған операциялар болған.

    "Бұл өз кезегінде қаржылық технологияларға халықтың жоғары сенімін білдіреді, себебі қолма-қол ақшасыз транзакция жүргізу ыңғайлы әрі уақыт жағынан өнімді", - делінген хабарламада.

    2024 жылы қолма-қол ақшасыз транзакциялардың негізгі үлесі банктердің онлайн сервисі арқылы жүргізілген (қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемінің 90 пайызы).

    Бұл ретте банктердің онлайн-сервисін пайдаланушылар саны 13 пайызға (25,9 млн-ға дейін) ұлғайған. Бір жыл ішінде интернет пен мобильді банкингтің бір пайдаланушысына келетін онлайн-транзакция көлемі орта есеппен 7 пайызға (6,1 млн теңгеге дейін) өскен.

    Ұлттық банк өкілдері клиент банктің онлайн-сервистерін бір рет және одан да көп пайдаланған кезде қолданушылар әрбір банк бойынша жеке-жеке есепке алынатынын атап өтті.  

    Қолма-қол немесе картамен: былтыр қазақстандықтар қандай тәсілмен жиі төлем жасаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.