jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада қоқыс шығару тарифі екі есе қымбаттайды

    Қоқыс жәшігі
    Қоқыс жәшігі. Көрнекі фото: Bryan Mullennix / Getty Images

    Астанада қоқыс шығару тарифі қымбаттайтын болды. Бес жылдан бері кісі басына 390 теңге төлеп келген елордалықтар енді екі есе артық шығынданбақ. Қалалық мәслихат депутаттары жаңа баға бекітті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Алғашында тариф мәселесі көтерілгенде қызмет көрсететін кәсіпорындар ақыны кісі басына 1037 теңгеге дейін көтеруді сұраған. Депутаттар бұл соманы сәл де болса төмендетті. Енді Астанада көпқабатты үйде тұратын бір адам қоқысқа 637 теңге, ал жер үйдегілер 679 теңге төлейді.

    Тариф 2019 жылдан бері өзгермеген екен. Содан болар, бас шаһардағы контейнерлерден тұрмыс қалдықтары аузы-мұрнынан шығып, кейде апталап тұратын. Ал халық санымен қоса жанар-жағармай бағасы да өсті. Сәйкесінше, кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтеруі керек. Тарифті көтеруге осы жағдайлар себеп болды дейді кәсіпорын басшылары.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.