jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Жаңа әдіспен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекке қанша қазақстандық қол жеткізді

    Ақша
    Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) мөлшері медиандық табысқа қарай есептеледі. Жаңа әдіспен жалпы сомасы 2,3 млрд теңге болатын көмек 169,1 мың адамға тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еңбек министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Жаңа жылдан бастап Қазақстанда кедейлік шегі жаңа тәсілмен анықтала бастады. Ол өңірлік медиандық табыстың 35 пайыз деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70 пайыздан төмен емес деңгейде болуға тиіс деп айқындалған.

    Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек отбасының әр мүшесіне шаққандағы жиынтық табысы осы кедейлік шегінен төмен отбасыларға тағайындалады.

    Жалпы былтыр елімізде 78,1 мың отбасынан 413,7 мың адам АӘК алды.

    Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды.

    Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

    Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.