jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте 8 наурыз мерекесі қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

    20 мың теңгелік купюралар
    20 мың теңгелік купюралар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.

    Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады", - делінген хабарламада.

    Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар саны – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.

    Шымкентте 8 наурыз мерекесі қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.