Қаржы

Зектілері

Қалай ескі көлігіңізді өткізіп, 2 млн теңгеге дейін жеңілдік сертификатын алуға болады

Жарияланған күні:

Үстел үстінде жатқан ақша, көлік моделдері мен кілті
Ақша мен көліктің кілті. Иллюстрациялық фото: Ri luck/Getty Images

Бұдан былай ескі көлігіңіз бен ауыл шаруашылығы техникасын өткізіп, 2 млн теңгеге дейін жеңілдік сертификатына қол жеткізе аласыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескі көліктерді жоюға қабылдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламасын жасаған болатын.

Ал ескіріп, қолданыстан шыққан көлігіңіз бен ауыл шаруашылығы техникаларын жоюда бағдарлама операторы – "Жасыл даму" АҚ.

Бағдарламаға қатысу екі кезеңнен тұрады:

  • Құжаттарды (паспорт, тіркеу туралы куәлік, тексеру актісі) ұсынып, "Жасыл даму" АҚ платформасында онлайн-өтінім беру керек.
  • Бөлшектердің толық болуы және деректері тексерістен өткеннен кейін қабылдау пунктінде техниканы жеке тапсыру.

"Жалпы бірінші кезеңде ескі көліктерді қабылдайтын кәсіпорындар анықталғаннан кейін басталады. Нақты уақыты белгісіз. Техникаларды қабылдау пункттерінің толық тізімі, олардың орналасқан жері ресми сайтта жарияланады", - деп жауап берді "Жасыл даму" компаниясынан.

Өтінім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Жеке тұлғалар үшін:

  1. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  2. бағдарламаға тіркеу есебінен шығару туралы анықтаманың көшірмесі;
  3. нотариалды куәландырылған құжаттар: жұбайының сатуға келісімі туралы; неке туралы куәлік; жеке куәліктің көшірмелері не бағдарламаға сатып алу кезінде меншік иесінің некеде тұрмағаны туралы өтініш.

Сондай-ақ автокөлік пен арнайы техниканың иелеріне жеңілдік сертификаттары беріледі. Мұны азаматтар жаңа көлік құралын сатып алған кезде пайдалан алады.

Жеңілдік сертификаты:

  • оны берген сәттен бастап 3 реттен артық емес өзге тұлғаларға берілуі мүмкін;
  • сертификатты өзге тұлғаларға беру оның қолданылу мерзімін өзгертпейді;
  • көлік құралына немесе ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдік сатып алынатын 1 көлік құралына жеңілдік беретін 2 сертификат бойынша немесе ауыл шаруашылығы техникасының 1 бірлігіне жеңілдік беретін 4 сертификат бойынша жинақталуы мүмкін.
2024 жылға арналған жеңілдік сертификатының мөлшері
2024 жылға арналған жеңілдік сертификатының мөлшері. Кесте: Baq.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2235114-qalai-eski-koligingizdi-otkizip-2-mln-tenggege-deiin-qarazhat-aluga-bolady/