"Астана Моторс" Chery брендінің үздік дистрибьюторлары қатарында
Жарияланған күні:

25-27 сәуір аралығында Қытайдың Уху қаласында Chery-2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтіп, оған әлемнің 97 елінен дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналды. Аталған жиында "Астана Моторс" құрамына кіретін Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясы бірден үш номинация бойынша жеңімпаз атанды.
Жаһандық Chery нәтижелері мен жоспарлары
Chery International атқарушы вице-президенті Чжу Шаодун конференцияда сөйлеген сөзінде компанияның дилерлік желіні жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ озық өнімдер мен жоғары деңгейдегі сервис арқылы әлемдік нарықтағы орнын нығайту жолын жалғастыра отырып, жаһандық серіктестермен бірге дамуға ниетті екенін атап өтті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Chery International рекордтық өсімге қол жеткізді, сатылым көрсеткіші 36%-ға өсіп 2,6 млн автокөлікті құрады. 2027 жылдың соңына қарай бренд гибридті автокөліктерді қоса алғанда, модельдер қатарын 43 модельге дейін ұлғайту жоспарланған. Ал биыл компания 300 мыңнан астам электр автокөліктерін сатуға ниетті. Сонымен қатар Chery төл жетістіктерін де атап өтті. 2024 жылы компания Fortune Global 500 рейтингісінде 385-орынға орналасып, әлем бойынша тұтынушылар саны 16 миллионнан асты.

Chery Kazakhstan - жергілікті көшбасшы
Конференция барысында Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы бас компания тарапынан бірден үш номинация бойынша жоғары марапатқа ие болды:
- Outstanding Exposure Award марапаты – брендті ілгерілетудегі үздік жетістіктер үшін;
- Top Market Share Award – нарықтағы жетекші үлесі үшін;
- Public Welfare Award – әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін берілді.
Өз кезегінде, "Астана Моторс" компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов жеке өзі және қызметкерлер атынан Chery компаниясына қазақстандық дистрибьютордың жұмысын жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді.

"Бұл марапаттар біз үшін үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар дамудың дұрыс бағытын ұстанғанымыздың дәлелі болды. Біздің Chery-мен ынтымақтастығымыз – бұл қарқынды дамып келе жатқан ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік. Бірнеше жыл бұрын Қытайдан автокөліктерді импорттаудан бастап, бүгінде біз оларды Қазақстанда өндіруге көшіп жатырмыз. Жуырда Алматыда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты іске қосылып, онда Chery көлігінің бірден бірнеше модельдері шығарылатын болады", - деді Нұрлан Смағұлов.
Қазақстандағы дилерлік орталықтары конференцияда жоғары бағаға ие болып, сервистің үздік деңгейін және брендтің аймақтарда дамуына қосқан үлесін растады. Айталық, Chery Aktobe және Chery Семей белсенді өсу көрсеткішімен, икемділігімен және нарықтық өзгерістерге тиімді бейімделу қабілетімен ерекшеленді. Chery Astana клиенттерге ең жақсы қызмет көрсету үшін марапатталды. Chery Shymkent Crystal табысты сату нәтижелері мен жоғары сапалы қызмет көрсетудің арқасында үздік дилер болып танылды.
2025 жылы Қазақстанға арналған жаңа модельдер
Бүгінгі таңда Қазақстан өңірлеріндегі Chery дилерлік желісі еліміздің 19 қаласында 24 сату орталықтарын қамтиды. Жыл соңына дейін Талдықорған мен Түркістанда тағы екі дилерлік орталық ашу жоспарлануда. Қазақстандықтар үшін қолжетімді Chery модельдік қатарында Tiggo 2 Pro, Tiggo 4, Tiggo 7 Pro/Pro Max, Tiggo 8 Pro/Pro Max және флагмандық Tiggo 9 кроссоверлері, сондай-ақ бір Arrizo 8 седаны ұсынылған.

Chery конференциясы Шанхай халықаралық автокөлік индустриясы көрмесі аясында өтіп, іс-шараның негізгі жаңалықтар жасаушылардың бірі болды. Жаңалықтар қатарында Chery Himla (ICE/PHEV/EV) жақтаулы толық жетекті пикаптар топтамасы таныстырылды. Сондай-ақ Chery Arrizo 9 гибридті (PHEV) премиум седаны және Chery Tiggo 10 толық өлшемді кроссовері көпшілік назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек, Arrizo 8, Tiggo 9, Tiggo 8 және Tiggo 7 модельдерінің PHEV нұсқалары ұсынылды. Қазақстанда осы төрт гибридтің сатылымы 2025 жылы басталады деп күтілуде.
Chery Қазақстан нарығына 2021 жылдың қыркүйегінде келді және осы аз уақыт ішінде елдегі ең танымал қытайлық автокөлік брендіне айналды. Нарыққа кірген сәттен бастап биылғы жылдың наурыз айына дейін 35 мыңға жуық көлік сатылған. Chery екі жыл бойы Қазақстандағы ең көп сатылатын 4 брендтің қатарынан орын алып келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2240697-astana-motors-chery-brendining-uzdik-distribiutorlary-qatarynda/